Білім • 14 Мамыр, 2021

Білім министрі оқушылардың пәндік олимпиадасы қалай өтенінін айтты

581 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Оқушылардың пәндік олимпиадасының облыстық және республикалық кезеңдері тек электронды форматта өтеді. Бұл жайында ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Білім министрі оқушылардың пәндік олимпиадасы қалай өтенінін айтты

«Жақында ҰБТ-ны электрондық форматқа көшіру туралы пост жарияладым. Бұл өзгерістерді қоғам жақсы қабылдап, қолдау білдірді. Бірақ, біз тек Ұлттық Бірыңғай Тестілеуді ғана емес, барлық іріктеу іс-шараларының форматын ашықтық пен әділдікті қамтамасыз ету үшін өзгертудеміз. Осы бастамалар туралы қысқаша тоқталар болсам, біріншіден, оқушылардың пәндік олимпиадасы. Біз биыл ақпан айында алғаш рет оқушылар арасында республикалық олимпиаданы электрондық форматта өткіздік»,  деп жазды министр Facebook парақшасында.

Оның айтуынша, олимпиада барысында әр қатысушыға жеке компьютер беріліп, іс-әрекетін бейнекамера бақылап отырды. Сондай-ақ арнайы орталықта кезекшілер барлық процесті қадағалай алып, прокторинг жүйесі де қолданылды. Әлеуметтік желілерде және арнайы порталда ашық трансляция жүргізілді.

«Сонымен қатар біз биыл олимпиада тапсырмаларын тексеру жүйесін де өзгерттік. Бұрын қазылар алқасы мүшелеріне балалардың жұмыстары пропорционалды түрде берілсе, енді бағалау кезінде субъективизмді төмендету үшін қазылар алқасының әр мүшесі бір ғана тапсырманы көріп, бағалай алды. Келесі жылдары да олипиаданың облыстық және республикалық кезендері тек қана осындай форматта өтетін болады»,  деді Асхат Аймағамбетов.

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше