Ведомство мәліметі бойынша, 32 жастағы күдікті Алматы қаласында бой тасалап жүрген.
«Күдікті Алматы қаласы аумағында жасырынып жүргені туралы ақпарат келді. Жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп, нәтижесінде ер адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Күдіктіні экстрадициялау мәселесі халықаралық шарттарға сәйкес шешіледі», деді Алматы қаласы полиция департаменті бастығының орынбасары полиция подполковнигі Рүстем Әбдірахманов.