«АтырауИнжСтрой» ЖШС баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, мұндай қадамға баруға Атырау қаласындағы кеңейтілетін жол бойындағы ағаштардың жұмысты атқаруға кедергі келтіргені себеп болған.
«Жобаға сәйкес, ағаштар кесілуі тиіс еді. Бірақ, жобаның тапсырыс берушісі мен мердігер компанияның бірлескен ұйғарымымен көпжылдық ағаштарды басқа жерге көшіру туралы шешім қабылданды», деп хабарлады кәсіпорынның баспасөз қызметі.
Жақында мердігер 38 ағашты тамырымен «Мұнайшы» стадионы маңындағы аллеяға көшірді. Ал, қаланы көгалдандыратын «КДМС» компаниясының мамандары «қоныс аударған» ағаштарды бақылауға алғалы отыр.
«Ағаштар жаңа орынға бейімделгенге дейін «ауырады». Бірақ, тыңайтқыштар мен суару ағаштардың тамыр жаюына ықпал етеді. Бір айда ағаштың тамырын жайғаны немесе өліп қалғаны белгілі болады», деп мәлімдеді «АтырауИнжСтрой» баспасөз қызметінен.
Жол бойындағы ағаштарды жұмыс атқаруға кедергі келтіргені үшін орнынан ауыстырған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өзбекстанның алты азаматы Түркияда ішімдік ішіп, көз жұмған
Әлем • Бүгін, 14:19
Алматы-Өскемен автожолында үш апат болды
Оқиға • Бүгін, 13:55
Мемлекет басшысы ЖИ саласындағы сарапшылармен тілдесті
Президент • Бүгін, 13:42
Жолаушыларды тасымалдау жүйесі сақтандыру талаптарына сәйкес келмейді - депутат
Қоғам • Бүгін, 13:37
Танымал актриса Лос-Анджелестегі үйінде өртеніп кеткен
Әлем • Бүгін, 13:25
Президент Abu Dhabi Ports Group бас директорымен кездесті
Президент • Бүгін, 13:11