Аймақтар • 14 Мамыр, 2021

Жемқорды жұмысқа қабылдаған басшыға айыппұл салынды

3113 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

БҚО облыстық спорт бөлімінің басшысына сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар адамды жұмысқа қабылдағаны үшін айыппұл салынды, деп хабарлайды Egemen.kz «Мой город» интернет-басылымына сілтеме жасап.

Жемқорды жұмысқа қабылдаған басшыға айыппұл салынды

Белгілі болғандай, осы жылдың сәуір айында БҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментімен ҚР ӘҚБтК-нің 681-бабы «бұрын сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адамдарды жұмысқа қабылдау» бойынша Дене шынықтыру және спорт департаментінің басшысы Қаймен Есендияровтың үстінен әкімшілік іс қозғалған болатын. Іс қысқартылған тәртіппен қаралды. Облыстық спорт бөлімінің басшысына 291 700 теңге айыппұл салынды. Бір апта ішінде ол  айыппұлдың 50%-ын, яғни 145 850 теңге төледі.

Кейін Есендияров БҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы Біржан Хайруллиннің әрекетіне шағым түсіреді, алайда сот өтінішті қараусыз қалдырды, себебі бірінші сатыдағы соттың қаулысы заңды күшіне енген болатын.

«Мой город» интернет-басылымының мәліметінше, Мемлекеттік қызмет істері департаменті де облыс әкімдігіне Қаймен Есендияровқа қатысты шешім қабылдау ұсынысымен хат жолдаған. Алайда нақты қандай ұсыныс екені белгісіз.