Павлодар облысы Май ауданы Малайсары ауылындағы Май топтық су құбыры Су тазарту станциясының резуарлары толықтай тазартылды.
Еске сала кетейік, аталған ауыл тұрғындары ауыз суда ерекше дәм бар деп БАҚ өкілдеріне шағымданған болатын. Осы мәселе бойынша, Су ресурстар комитетінің өкілдері жұмыс сапарымен аталған ауылға барды. Онда жергілікті тұрғындармен кездесіп, далалық жүрмелі жиын өткен болатын. Жиын қорытындысымен, сала комитеті ауыл белсенділерін тарта отырып резуарларды тазарту жөнінде шешімге келді. Қазір осы мәселе бойынша жұмыстар толықтай жүргізілді.
«Су айдау станциясында екі резуардағы суды түгелдей ағызып, гипохлоритпен тазаладық. Содан кейін тұрғындардың өздерін қатыстыра отырып тәулсіз комиссия құрылды. Олар тазарту барысын тексеріп, оң бағасын берді», дедіі «Май-Сервис» МҚК-ның директоры Серік Құсайынов.