Аймақтар • 14 Мамыр, 2021

«Ертіс» футбол клубының бұрынғы директоры сотталды

292 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Ертіс» футбол клубының бұрынғы директоры Серік Омарханов бір жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Ертіс» футбол клубының бұрынғы директоры сотталды

ҚР Қылмыстық кодексіне сәйкес «Ertis» ФК бұрынғы директоры Серік Омарханов мемлекеттік кіріс органдарына қате мәліметтері бар салық декларациясын тапсырып, сол арқылы мемлекетке шығын келтірген. Шығын мөлшері - 193 939 013 теңге.

«Сот Қылмыстық кодекстің 118, 383, 387-393, 395-398, 401, 402 баптарына сүйене Серік Қорғанбайұлы Омархановты ҚР Қылмыстық кодекісінің 245-бабы 1-тармағы бойынша кінәлі деп тауып, үш жыл бойы қаржылық және коммерциялық құрылымда лауазымдарды иелену құқығын айыра минималды қауіпсіздігі бар қылмыстық атқару жүйесіде бір жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындау туралы үкім шығарды», деп мәлімдеді Павлодар қалалық соты.

Естеріңізге сала кетейік, футболдан Қазақстанның бес дүркін чемпионы (1993, 1997, 1999, 2002, 2003) және Кубок иегері (1997/98) павлодарлық «Ертіс» командасы қаржылық қиындыққа байланысты былтырғы маусымды орта жолдан аяқтауға мәжбүр болды.