Ерлан Асылбекұлы 1983 жылы Қызылорда қаласында туған. Білімі жоғары. Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін экономист-менеджер мамандығымен, ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясын, Ұлттық мемлекеттік саясат мектебін, сондай-ақ АҚШ-тағы Дьюк университетін бітірген.
Еңбек жолын Қызылорда облысы бойынша статистика департаментінде бастап, 2004-2006 жылдары экономист, маман, жетекші маман, бөлім басшысы болып жұмыс істеді. Ал, 2007-2008 жылдары Қызылорда облысының қаржы басқармасында түрлі лауазымды атқарды.
2008-2010 жылдары Қызылорда қаласы әкімі аппаратының экономикалық талдау және қала құрылымын дамыту бөлімінің басшысы, 2010-2012 жылдары Жалағаш ауданы әкімінің аппаратының жетекшісі болған. 2012-2013 жылдары Солтүстік Қазақстан облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы басшысының орынбасары, 2013-2015 жылдары Қызылорда облыстық сыртқы байланыстар басқармасының, 2015 жылы ҚР Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнайы өкілінің қызметін қамтамасыз ету басқармасының басшысы болып жұмыс істеді.
2017-2019 жылдары Ақтөбе облыстық индустриалды-инновациялық даму басқармасына, 2019-2020 жылдары Ақтөбе облыстық кәсіпкерлік басқармасына басшылық жасады.
Қазіргі лауазымға тағайындалғанға дейін бизнес-құрылымдарда басшылық қызмет етті.