Аймақтар • 14 Мамыр, 2021

Шу ауданында 1,5 мың жұмыс орны ашылады

630 рет
көрсетілді
8 мин
оқу үшін

Бүгін Жамбыл облысы, Шу ауданының әкімі Нұржан Календеров өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында брифинг беріп, ауданның даму барысы мен жұмыс жоспары туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шу ауданында 1,5 мың жұмыс орны ашылады

Ауданда негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 136,1 пайызға, өнеркәсіп саласында өндірілген өнім көлемі 102,3 пайызға, ауыл шаруашылығы саласының өнімі 103,8 пайызға,құрылыс жұмыстары 103,2 пайызға, пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі 104,8 пайызға және қаржы игеру көрсеткіші 99,9 пайызға орындалған. Қаңтар-сәуір айларының қорытындысы бойынша ауданда 18,3 миллиард теңгенің өнімі өндірілген. «Биылғы жылға ауданымызға барлық мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде 9,1 миллиард теңге қаражат бөлініп, 43 жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Жобаларды іске асыру арқылы 1,5 мың жұмыс орыны ашылады деп күтілуде», деді Нұржан Календеров.

Сонымен қатар, биылғы жылдың өнімі үшін 126 мың 931 гектар алқапқа ауыл шаруашылығы дақылдары отырғызылып, 10 мың 084 гектарға сүр айдалған. Ал, жер пайдалану көрсеткіші 100пайызға орындалып,
46 мың 219 гектарға дәнді және дәнді бұршақты дақылдар, 9050 гектарға майлы дақылдар, 900 гектарға қант қызылшасы және 1500 гектарға картоп орналастырылған. Ал, 16 мың 662 гектар көкөніс пен 10000 гектар бақша дақылдары егіліп, көктемгі егіс дала жұмыстары өз деңгейінде аяқталған. Өз сөзінде аудан әкімі 7500 гектар алқапқа су үнемдеу технологиялары енгізілгенін,бұл өткен жылмен салыстырғанда 2000 гектарға ұлғайғанын да атап өтті. Бұл ретте ол ауданда су үнемдеу технологияларын тиімді пайдаланып, егін шаруашылығын дамытуда ауқымды жұмыстар атқарған «Қызылша» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін атап өтті.

«Бүгінгі күні азық-түлік бағасының тұрақтылығын сақтау күн тәртібіндегі басты мәселелердің бірі екені белгілі. Осы бағытта Бірлік ауылынан сыйымдылығы 20,0 мың тоннаны құрайтын заманауи технологиямен жабдықталған көкөніс сақтау қоймасының құрылысы жүргізілуде. Нысанның құны 1,2 миллиард теңгені құрайды. Қойма қолданысқа берілгеннен кейін  маусымаралық кезеңде баға тұрақтылығын қамтамасыз етуге өз септігін тигізетін болады», деді аудан әкімі. Сонымен қатар, Нұржан Календеров мал шаруашылығы, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту туралы да айтты. Әкім бұл мақсатқа мемлекет тарапынан бөлінетін қаржы көлемі жыл сайын артып келетінін, мәселен, қаңтар-сәуір айларында ауданның кәсіпкерлік саласын дамытуға мемлекет тарапынан жалпы 626,0 миллион теңге берілгенін айтты. Оның ішінде«Еңбек» бағдарламасы аясында 27 адам 96,6 миллион теңге шағын несие алса, 300 азаматқа 175,0 миллион теңгеге өз кәсібін бастауғақайтарымсыз грант берілген. Сондай-ақ, қазіргі уақытта аудан бойынша тұрғын үй алу үшін кезегіне 1534 азамат тіркелген болса, аталған мәселені шешу бағытында Шу қаласы «Жетісу» ықшамауданындағы 80 пәтерлік 3  үйдің құрылысына қаржы бөлінген. Алдағы уақытта кезекте тұрған 240 азаматтың тұрғын үй мәселесі шешілетін болады. Ал, тұрғын үй салу үшін жер кезегінде 5906 азамат тұр екен. Қазіргі уақытта Алға ауылында 25 гектар тұрғын алқапты электр желісімен және ауызсумен қамту жұмыстары аяқталып, жер учаскелерін үлестіру жұмыстары ұйымдастырылуда. Аудан орталығы Төле би ауылындағы 147,73 гектар тұрғын алқапқа электр желісі жүргізілген. Сумен қамтамасыз етуге 688,0 миллион теңге қаражат бөлініп, мердігерменкелісім-шарт жасалған. Құрылыс жұмыстары жыл соңына дейін аяқталады. Сол сияқты, Шу қаласындағы 258,7 гектар тұрғын алқапқа электр желісі жүргізілген. Көше жолдарын төсеу жұмыстары жүргізілуде. Ал, ауыз су құбырын жүргізуге бюджеттік өтінім берілген. Биылғы жылдың соңына дейін кезектегі Төле би, Алға ауылдарынан жалпы саны 1074 азаматқа жер телімін беру жоспарланып отыр екен.

 «Аудандағы автомобиль жолдарының ұзындығы 840 шақырымды құраса, оның ішінде негізінен жағдайы нашар республикалық маңызы бар жолдардың ұзындығы 118 шақырымды құрап отыр. 2020 жылдан бастап Меркі-Шу-Бурылбайтал автожолының құрылыс жұмыстары басталған болатын. Сәуір айында ауданда облыс әкімі жәнееліміздің Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрі жұмыс сапарымен болып, мердігерлерге 2021 жылдың қыркүйек айында Шу-Бурылбайтал және Меркі-Шу автожолын пайдалануға беруді тапсырды. Аталған жұмыстар аяқталған жағдайда аудан аумағынан өтетін республикалық маңызы бар жолдардың жол мәселесі шешімін табатын болады», деді әкім. Сонымен қатар, биылғы жылға автомобиль жолдары саласына 730,2 миллион теңге бөлінгенін де атап өтті.  Аудан бойынша Шу қаласы мен 24 ауылдық елдімекен орталықтандырылған ауызсумен қамтылған. Сондай-ақ, Көкқайнар, Сауытбек, Ақтөбе, Төле би ауылына кіреберіс сол жақ беткейі, Шу қаласы «Қант зауыты»мөлтекауданы мен Еңбекші ауылдарын ауызсумен қамту жұмыстарына жобалық-сметалық құжаттар әзірленіп, мемлекеттік сараптама қорытындысы алынуда екен. Көктөбе ауылына ауызсу құбырын жүргізуге қаржы бөлуге 760,0 миллион теңгегебюджеттік өтінім берілген. Қазіргі уақыттааудандағы 12 елдімекен толық газдандырылған. Өткен жылы газдандыру жоспарына енгізілген 18 елді мекеннің 5-еуіне магистралды газ құбыры салынған болса, биыл қалған 7 елдімекенгемагистралды газ құбыры салынатын болады.

 Бүгінгі күнге ауданда 93 білім мекемесі бар болса, мектептерде жалпы 2334 педагог жұмыс істейді. Ағымдағы жылға Төле би ауылындағы 300 орындық әл-Фараби атындағы мектеп ғимаратының құрылысына, Шу қаласындағы Ы.Алтынсарин мектебіне қосымша ғимарат салуға қаржы бөлініп, құрылыс жұмыстары басталған. Сонымен қатар, аудан әкімі тамыз айында Шу-Бурылбайтал автожолының бойында орналасқан «Оқушылар сарайы» пайдалануға берілетінін жеткізді. Ал, ауданда халыққа 32 денсаулық сақтау нысаны қызмет көрсетеді. «Шу ауданында коронавирус індетін емдеу және оқшаулау шараларын ұйымдастыру мақсатында жалпы 70 төсек қоры жасақталған. Ағымдағы жылдың 5 наурызынан бастап ерікті түрде COVID-19 инфекциясына қарсы екпемен қамту жұмыстары басталды. 4 айдың қорытындысымен 3819 адам екпемен қамтылды. Шу ауданы аумағында індетке байланысты санитарлық талаптарды бақылайтын 5 мониторинг тобы құрылған. Арнайы құрылған мониторингтік топтармен 109 рейд ұйымдастырылды. Нәтижесінде 652 нысан тексеріліп, 70 заңбұзушылық анықталды. Оның ішінде 10 нысанға ескерту берілді, 56 тұлғаға 3,3 миллион   теңге көлемінде айыппұл салынды», деді Нұржан Календеров. Сонымен қатар, аудан әкімі өзге де салаларға тоқталып, олардың даму көрсеткіштері туралы баяндады. Сонымен қатар, ол әлеуметтік жұмыс орнына 53 адамға, жастар практикасына 65 жасқа және ақылы қоғамдық жұмысқа 519 адамға жолдама берілгенін де атап өтті. Жыл басынан 690 отбасына, яғни 3459 адамға жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған. «Биыл мемлекетіміздің Тәуелсіздік алғанына 30 жыл толып отыр. 30 жылда ауданның әлеуметтік- экономикалық даму жолында толайым табыстарға қол жеткіздік. Әлеуметтік салада 12 мектеп, 25 балабақша, 27 медициналық нысан пайдалануға берілді. 50-ден астам әлеуметтік нысан күрделі жөндеуден өткізілді. 12 елдімекенге газ құбыры жүргізіліп, 20 елдімекен ауыз сумен қамтылды. Қанағаттанарлық деңгейдегі жолдардың үлесі 70пайызға жетті. Халық саны 35 пайызға артып, жұмыссыздық деңгейі 1,3 пайызға дейін төмендеді», деді Нұржан Календеров.