Осыған байланысты осы жылғы 15-17 мамыр аралығында Триумфальды аркадан Орынбор көшесіне дейінгі учаскеде автокөлік үшін қозғалыс ішінара жабылатын болады. Сондай-ақ 15 мамырда Сейфуллин-Айманов көшелерінің қиылысындағы жол төсеміне жөндеу жүргізіледі. Бұл учаске толығымен жабылады.
«Қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін елорда тұрғындары мен қонақтары қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлауы қажет. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне түсіністікпен қарауды сұраймыз», делінген ведомство хабарламасында.