«Тұрақта тұрған үш көліктің астынан құстың үш ұясы табылды. Компанияның биоалуантүрлілікті басқару рәсіміне сәйкес орнитолог тексеру жүргізді. Бір ұяда инкубацияның белсенді сатысы бары анықталды. Көліктердің жұмысы балапандар ұядан ұшып кеткенге дейін, кем дегенде 14 күнге тоқтатылады. Орнитолог ұяны жұмыртқа басу аяқталғанша апта сайын тексереді. Екі ұядан құс жұмыртқасы табылған жоқ», деп мәлім етті «Теңізшевройл» компаниясының баспасөз қызметі.