Қоғам • 15 Мамыр, 2021

Ақсай қаласында 6 адам тамақтан уланып қалды

164 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бөрлі аудандық орталық ауруханасының директоры Шыңғыс Сәрсенғалиевтің мәлім еткеніндей, оқиға 12, 13 және 14 мамыр күндері болды, деп хабарлайды Egemen.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Ақсай қаласында 6 адам тамақтан уланып қалды

Шыңғыс Сәрсенғалиевтің айтуынша, алты адамның бесеуі – Қарашығанақ кен орнына қатысты қызмет атқаратын түрлі компаниялардың жұмысшылары. Ал 12 мамыр күні түскен төрт адамның екеуі жансақтау бөліміне жатқызылды.

Соның ішінде біреуі – жұмысшының әйелі. Ол күйеуі жұмыстан алып келген пластикалық ыдысқа салынған тамақты жеген. Әйел 13 мамыр күні, ер адам кеше жансақтау бөлімінен жалпы палатаға ауыстырылды. Сондай-ақ 13 және 14 мамыр күндері бір-бір адамнан ауруханаға түсті.

«Қазіргі кезде барлығының жағдайы орташа ауыр. Ем қабылдауда. Алдын ала мәлімет бойынша олар тамақтан уланған деген диагноз қойылды. Жұмысшылардың неден уланғаны кейін анықталатын болады», деді.

Тұрғындардың сөзіне қарағанда, уланғандар Halliburton және басқа қосалқы мердігер компаниялардың қызметкерлері көрінеді.