Оқиға • 15 Мамыр, 2021

Шығыс Қазақстанда өртенген жүк көлігінен 2 адамның денесі табылды

445 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шығыс Қазақстан облысында отқа оранған жүк көлігінен 2 адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Egemen.kz

Шығыс Қазақстанда өртенген жүк көлігінен 2 адамның денесі табылды

ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 15 мамыр күні «Өскемен-Алтай» тасжолының 25 шақырымында «Вольво» маркалы жүк көлігі аударылып түскен.

Жол апатының салдарынан көлік шанағы жанған.

«Оқиға орнына өрт сөндірушілер шұғыл келіп жетті. Көп ұзамай жалпы ауданы 9 шаршы метрді құраған тілсіз жау ауыздықталды. Өртті өшіру кезінде 2 мәйіт табылған. Қаза болған азаматтардың жеке бастары анықталуда», деп хабарлады ведомство өкілдері.

Аталған факті бойынша сот-медициналық сараптама жұмыстары жүргізіледі.

Қызыл жалынды сөндіруге жеке құрамнан 15 адам мен 5 техника жұмылдырылған.