Апат 15 мамырда таңғы сағат 06.41-де болды. Subaru Forester автокөлігінің 33 жастағы жүргізушісі Сәтбаев көшесінің бойымен Қажымұқан көшесінің қиылысында бағдаршамның тыйым салатын белгісіне жүріп кетіп, Lada маркалы автокөлігіне соқтығысты. Subaru Forester аударылды.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан Lada жүргізушісі ауруханаға жеткізіліп, тексеруден кейін жіберілді. Қазір тергеу жүріп жатыр.