Әлем • 15 Мамыр, 2021

Ұшқыш сүйіктісіне тосынсый жасаймын деп апатқа ұшырады

307 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ресейлік ұшқыш сүйіктісін серуендету үшін досының ұшағын ұрлап, апатқа ұшырады, деп хабарлайды Egemen.kz

Ұшқыш сүйіктісіне тосынсый жасаймын деп апатқа ұшырады

56 жастағы татарстандық ұшқыш Валерий Полонский сүйіктісіне романтикалық тосынсый жасағысы келіп, туған күні қарсаңында жеңіл моторлы ұшақпен серуендетіп, оны қуантуды жоспарлаған.

Алайда ұшақ әуежайдан небәрі 900 метр қашықтықта ұшып, содан кейін құлаған. Ұшқыш пен сүйіктісі жарақат салдарынан сол жерде қайтыс болған.