Білім • 15 Мамыр, 2021

Нұр-Сұлтанда ҰБТ өткізу уақыты бір сағатқа шегерілді

437 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

16 мамыр күні Нұр-Сұлтан қаласында ҰБТ өткізу бір сағатқа шегеріледі, деп хабарлайды Egemen.kz Ұлттық тестілеу орталығына сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтанда ҰБТ өткізу уақыты бір сағатқа шегерілді

Орталықтың мәліметінше, ертең тек елордада ғана ҰБТ бір сағатқа шегеріледі. Яғни, таңғы сағат 9:00-де басталатын ҰБТ сағат 10:00-ге; Түскі сағат 14:00-де басталатын ҰБТ 15.00-ге ауысты.

«Аталған жағдай Нұр-Сұлтан қаласы бойынша тестілеу пунктінде («Тәуелсіздік сарайы», Тәуелсіздік көшесі 52-үй) техникалық жұмыстардың жүргізілуіне байланысты орын алып отыр», делінген хабарламада.