14 мамыр күні Қазақстан командасы делегациясы өкілінен коронавирус анықталды. Қайта алынған тест те инфекция барын растады. Қазақстан командасының барлық мүшесі қосымша тестілеуден өтті.
Тест нәтижесі бойынша ұйымдастыру комитеті команданың Ригада жаттығуына мүмкіндік берді.
Бірақ Беларусь құрамасымен жолдастық кездесу өткізілмейді. Еске сала кетейік, жолдастық кездесу 21 мамыр мен 6 маусым аралығында ұйымдастырылады.