Қоғам • 16 Мамыр, 2021

Көпбалалы отбасылар мемлекеттен қандай жәрдемақы ала алады?

1980 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгінде Қазақстанда отбасын нығайту және қазақстандықтардың өмір сүру сапасын арттыру бойынша жүйелі және кешенді жұмыс жолға қойылған, деп хабарлайды Egemen.kz  Ruh.kz порталына сілтеме жасап.

Көпбалалы отбасылар мемлекеттен қандай жәрдемақы ала алады?

«Ұлттық қауіпсіздіктің жетекші басымдықтары қатарына мықты демографиялық және көші – қон саясаты шығарылуға тиіс», деді Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев 1997 жылы «Қазақстан-2030» Стратегиясында.

Балалы отбасыларды қолдау «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» ҚР Заңына сәйкес жүзеге асырылады.

«Төлемдердің бірнеше түрі қарастырылған: бала тууына байланысты, бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жәрдемақы, мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақы», делінген мәліметте.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің деректері бойынша 2021 жылы көп балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері 46 760 теңгеден 186 688 теңгеге дейін өсті.