Әлем • 16 Мамыр, 2021

Уханьда жойқын дауыл болып, 7 адам қайтыс болды

281 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қытайдың Ухань қаласында алай-дүлей құйын болып, салдарынан 7 адам мерт болды, деп хабарлайды Egemen.kz

Уханьда жойқын дауыл болып, 7 адам қайтыс болды

Одан өзге, жойқын дауылдан 200-ге жуық адам түрлі жарақат алды.

Құйын Уханға жергілікті уақыт бойынша 20:40-та дәл келді. Желдің жылдамдығы сағатына 86 шақырымға жетті. Сонымен бірге Кайдян округінің үкіметі дауылдың соққысынан орман ағаштары құлағаны мәлім етті.

Осыдан бір жарым сағат бұрын Шанхай маңындағы Цзянсу провинциясындағы Шэнцзе қаласына тағы бір құйын түсті. Биліктің айтуынша, мұнда 1 адам апаттың құрбаны болып, 20-дан астам адам жарақат алыпты. Желден бірнеше ғимарат зардап шегіп, электрмен жабдықтау нысандары зақымданды.