Оқиға • 17 Мамыр, 2021

Павлодарда 2 мектеп оқушысы жоғалып кетті

249 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Павлодарда 2 жасөспірім жоғалып кетті. Олар 16 мамыр күні сағат 13:00 шамасында Қайырбаев көшесі, 72 мекенжайынан шығып кеткен, деп хабарлайды Egemen.kz.

Павлодарда 2 мектеп оқушысы жоғалып кетті

«Vita» еріктілер тобы іздеушілерінің мәліметінше, кәмелетке толмағандар әлі күнге дейін үйіне оралмаған. 

Данькова Алена Владимировна, 04.09.2006 жылы туған. Қара былғары куртка, көк футболка, қара шалбар, жеңіл кроссовка киген. Қызғылт түсті рюкзак алып шыққан.

Лэсь Данил Александрович, 30.10.2010 жылы туған. Ақ жолақты футболка, қара қалпақ және қара кроссовка киген. 

«Егер балалардың орналасқан жері туралы қандай да бір ақпарат жайлы білсеңіз, еріктілерге келесі телефон нөмірі бойынша хабарласыңыз:
8 747 615 55 63 (Катерина),  8 777 334 82 01 (Светлана) немесе «102»-ге қоңырау шалуды сұраймыз», деп хабарлайды «VITA» іздеушілері.