17 мамыр күнгі ақпарат бойынша, бір тәулікте қалада 549 адам коронавирус жұқтырған. Мұның ішінде симптомды, жеңіл және орташа деңгейдегі белгілермен – 476, симптомсыз – 73 науқас тіркелді. Барлық емделіп шығарылғандар – 60, келіп түскені – 163.
«Инфекциялық стационарларда 3 134 адам бар (төсек-орынның жалпы саны – 6 060), оның ішінде 115 бала емделіп жатыр», деп нақтылады Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының өкілі.
Сондай-ақ реанимация және қарқынды терапия бөлімінде 226 адам жатыр. Ал 35 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 61 адам ем қабылдауды жалғастыруда. High flow-да 81 аппарат жұмыс істейді.
Медициналық-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 3 618 науқас бар. Оның ішінде індет белгілері бар, орташа ауыр жағдайда 3183 науқас. 435 адамда коронавирус белгілері жоқ.