Технология • 17 Мамыр, 2021

Бүгін – Байланыс және ақпараттандыру қызметкерлерінің күні

862 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин барша әріптестерін кәсіби мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бүгін – Байланыс және ақпараттандыру қызметкерлерінің күні

«Осы салада жүрген барша әріптестерімді кәсіби мерекемізбен құттықтаймын!

Қазіргі ақпараттық заманда Қазақстанның көштен қалмай, бәсекеге қабілетті елге айналуы жолында байланыс және ақпараттандыру мамандарының рөлі арта түсті. Әсіресе бүкіләлемдік пандемия жағдайында сіздердің қажырлы еңбектеріңіз қаншалықты маңызды әрі өзекті екендігі айқын көрінді.

Елімізді жаппай цифрландырып, экономикалық-әлеуметтік дамыту жолындағы жұмыстарыңыз толағай табыстарға толы болсын. Сіздерден өнеге алып, заманға сай мамандықтардың майталмандарына айналар ізбасарларыңыз көбейе бергей. Ойға алған арман-мұраттарыңызға жетіп, отбасылық бақыт пен жеңіске толы жетістіктерге кенеле беріңіздер!», деді министр.