«Осы салада жүрген барша әріптестерімді кәсіби мерекемізбен құттықтаймын!
Қазіргі ақпараттық заманда Қазақстанның көштен қалмай, бәсекеге қабілетті елге айналуы жолында байланыс және ақпараттандыру мамандарының рөлі арта түсті. Әсіресе бүкіләлемдік пандемия жағдайында сіздердің қажырлы еңбектеріңіз қаншалықты маңызды әрі өзекті екендігі айқын көрінді.
Елімізді жаппай цифрландырып, экономикалық-әлеуметтік дамыту жолындағы жұмыстарыңыз толағай табыстарға толы болсын. Сіздерден өнеге алып, заманға сай мамандықтардың майталмандарына айналар ізбасарларыңыз көбейе бергей. Ойға алған арман-мұраттарыңызға жетіп, отбасылық бақыт пен жеңіске толы жетістіктерге кенеле беріңіздер!», деді министр.
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин барша әріптестерін кәсіби мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ең жас автошабандоз жол апатынан көз жұмды
Қоғам • Кеше
Елорда тұрғындары мерекелік концертті тамашалады
Елорда • Кеше
Бұршақ жауып, үсік жүреді: 8 мамырға арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Кеше
Қиын да қызық мамандық иелері марапатталды
Айбын • Кеше