Қазақстан • 17 Мамыр, 2021

Аида Балаева Алматыда ҮЕҰ өкілдерімен кездесті

156 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бүгін Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева ҮЕҰ өкілдерімен қайырымдылық және волонтерлік, гранттар туралы заң жобасының мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аида Балаева Алматыда ҮЕҰ өкілдерімен кездесті

Кездесуге Сорос-Қазақстан Қоры басқармасының төрайымы А. Айдарқұлова және Сорос-Қазақстан қоры бағдарламаларының директоры Б. Аязбаева, сондай-ақ Адам құқықтары және заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстан халықаралық бюросының директоры Е. Жовтис, коммерциялық емес құқық сұрақтары бойынша сарапшы Г. Кужекеева, Caspian University қоғамдық құқық ҒЗИ директоры Р. Подопригора қатысты.

Министр қайырымдылық, волонтерлік салаларындағы мемлекеттік шаралар туралы, сондай-ақ ҮЕҰ-ны мемлекеттік қолдау тетіктерін жетілдіру жөнінде айтып берді.

А.Балаева қайырымдылық пен волонтерлікті дамыту мен қолдау – азаматтық қоғамды қалыптастыру мен дамытудың негізгі факторларының бірі екенін атап өтті.

«Мемлекет басшысының волонтер жылын аяқтау аясында берген тапсырмаларын, құқық қолдану тәжірибесін талдау, халықаралық тәжірибе, сондай-ақ ҮЕҰ, волонтерлік және қайырымдылық ұйымдарының, Жұмыс тобы мүшелерінің ұсыныстарын ескере отырып, Министрлік азаматтық қоғам өкілдерімен бірлесіп, «Кейбір заңнамалық актілерге волонтерлік қызмет, қайырымдылық, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс және үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын әзірледі», деді А.Балаева.

Ол кездесудің қатысушыларына заң жобасы 2021 жылға арналған тиісті жұмыс жоспарына енгізілгенін, аталған жоспарға сәйкес Үкіметке шілде айында, ал Мәжіліске ағымдағы жылдың қыркүйегінде енгізу жоспарланғанын хабарлады.

Кездесудің қатысушылары мемлекет пен үкіметтік емес сектор арасындағы өзара іс-қимылды одан әрі дамытудың өзектілігін растады, сондай-ақ ұсынылып отырған заң жобасына қатысты нормалар бойынша өз ұсыныстарын айтты.

Соңғы жаңалықтар

Ұлт болмысының тұғыры

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Жылынудың жануарларға әсері

Жануарлар • 11 Қаңтар, 2025

Тылсымға толы Шал тауы

Талбесік • 11 Қаңтар, 2025

Қоныстой – көптің қуанышы

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Көлде жүзген қос аққудай...

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Ауаға айтылған уәж

Өнер • 11 Қаңтар, 2025

Театр тұйғыны

Театр • 11 Қаңтар, 2025

Киелі күй иесі

Тұлға • 11 Қаңтар, 2025

Байыптау мен айыптаудың арасы

Білім • 11 Қаңтар, 2025

Жылу қазандығы жаңартылды

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Тұтынушы құқын білесіз бе?

Құқық • 11 Қаңтар, 2025

«Ақылды қалаға» апарар жол ұзақ

Алматы • 11 Қаңтар, 2025

Тариф түзілімінің жаңа қағидасы

Сараптама • 11 Қаңтар, 2025

Сапаға мән береді

Еңбек • 11 Қаңтар, 2025

Экономикаға серпін береді

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Игі бастамалар жүзеге асады

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Сенім мен үміттің бастауы

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Еңбек ұжымдарымен кездесті

Саясат • 11 Қаңтар, 2025