Аймақтар • 17 Мамыр, 2021

Шымкентте туристік автобустарға арналған тұрақтар пайда болды

417 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қаланың туристік инфрақұрылымын дамыту бағытындағы кешенді жұмыстар аясында туристік автобустарға арналған тұрақтар қолға алынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шымкентте туристік автобустарға арналған тұрақтар пайда болды

Пилоттық жобаны қалалық туризм басқармасы, Шымкент қаласы полиция департаменті мен қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы бірлесе жүзеге асырды.

Туристік автобустарға арналған «Bus Stop» тұрақтары қала тұрғындары мен қонақтары үшін ең тартымды деген орындарда ашылуда. Алғашқы нүкте қаланың орталық бөлігі әл-Фараби алаңында орналасқан. Мұнда келген туристер «Арбат» алаңы, «Shymkent Plaza» орталығымен таныса алады. Алдағы уақытта Бәйдібек би ескерткіші, Шымкент-Цирк, Наурыз алаңы, Дендросаябақ және Ордабасы алаңында да арнайы тұрақтар пайдалануға беріледі.

– Енді қалаға келген туристер рухани-мәдени орталық аумағында орналасқан автотұрақтарды лезде таба алады. Мұндай инфрақұрылымның қажеттілігі туралы қалалық туроператорлар көптен бері мәселе етіп көтерген еді. Қаланы туристер үшін жайлы ету мақсатындағы жұмыстар жалғасады, – дейді туризм басқармасының басшысы Олжас Шинтаев.

Қаланың туристік әлеуетін дамыту бағытындағы «Bus Stop» тұрақтары пилоттық жоба аясында іске асырылып отыр.