Аймақтар • 17 Мамыр, 2021

Павлодар тұрғыны абайсызда көршісін жарақаттап, айып төледі

353 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Павлодар қаласының мамандандырылған әкімшілік соты денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру фактісі бойынша әкімшілік істі қарады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Павлодар тұрғыны абайсызда көршісін жарақаттап, айып төледі

Облыстық соттың баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, 53 жастағы қала тұрғыны М.Жүсіп көшесінде мысықтарды ауладан қуып жібермек болып тас лақтырған. Алайда тас көршісіне тиіп, денсаулығына қасақана жеңіл дәрежеде зиян келтірген.

«Сарапшының қорытындысына сәйкес азаматшаның маңдай тұсында жарақат болған. Сотта азамат өзінің кінәсін мойындап, жасаған ісіне өкінетінін айтты және мысықтарға тас лақтырған кезде кездейсоқ көршісіне тиіп кеткенін түсіндірді», дейді баспасөз қызметінде.

Сот қала тұрғынын Әкімшілік кодекстің 73-1-бабының 1-бөлігіне сәйкес кінәлі деп танып, мемлекет кірісіне 30 629 теңге көлемінде айыппұл түріндегі жаза тағайындады.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Соңғы жаңалықтар

Жүрегі жырдан жаралған

Тұлға • Бүгін, 08:20

3 минуттық сериал

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Алаңдауға негіз жоқ

Аймақтар • Бүгін, 08:05

Қауіп қайдан демеңіз...

Аймақтар • Бүгін, 08:03

Оператордың ерекше әдісі

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:00

Қатерге қарсы тастүйін іс

Аймақтар • Бүгін, 07:58

Ақ кимешекті әйгілеген әже

Мирас • Бүгін, 07:55

Сезім селт еткен кеш

Өнер • Бүгін, 07:50

Сыншының елеулі еңбегі

Басылым • Бүгін, 07:45

Сарыжаздағы спорт мерекесі

Аймақтар • Бүгін, 07:40

ЖИ ұсынатын иіссу

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:35