Қазақстан • 17 Мамыр, 2021

Беларусь әскери делегациясы Қазақстанға келді

309 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшысы генерал-лейтенант Руслан Жақсылықов елімізде қызмет бабымен іс-сапарда жүрген Беларусь Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары – ішкі әскерлер қолбасшысы генерал-майор Николай Карпенков бастаған делегациямен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz

Беларусь әскери делегациясы Қазақстанға келді

Екіжақты әңгіме кезінде қос ел күш құрылымдары арасындағы орнаған қарым-қатынасқа толықтай ризашылық білдірді. Тараптар әңгіме кезінде қос ел күш құрылымдары арасындағы орнаған қарым-қатынасқа толықтай ризашылық білдірді.

Кездесу барысында Ұлттық ұлан Бас қолбасшысы генерал-лейтенант Руслан Жақсылықов қонақтарды құқықтық тәртіп әскерінің қызметтік-жауынгерлік әрекеті және атқаратын негізгі міндеттерімен таныстырып өтті. 

Сондай-ақ Қазақстан Ұлттық ұланы мен Беларусь ІІМ ішкі әскерлері арасында құқық қорғау саласындағы ынтымақтастықты дамытудың көкжиектері мен өзара қарым-қатынасты нығайтудың жолдарын атап өтті. 

в

Елордадағы іс-сапары кезінде Беларусь елінің делегациясы Ұлттық ұланның Әскерді басқарудың орталығының мүмкіндіктері, 5573 әскери бөлімінің қызметтік-жауынгерлік әрекеті және әскери қалашықтың инфрақұрылымымен танысып, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінде болып қайтты. 

Сапар аясында екі ел күш құрылымдарының жетекшілері Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығы аумағындағы «Достық аллеясында» өзара қарым-қатынасты нығайтудың белгісі ретінде бірлесіп ағаш отырғызды. Әрі қарай белорусстық делегация еліміздің Алматы, Өскемен және Семей қалаларына сапар шегіп, онда Ұлттық ұланның арнайы мақсаттағы бөлімшелерге арналған Жауынгерлік және әдістемелік дайындық орталығы және Дағдарысқа қарсы оқу орталығының мүмкіндіктерімен таныспақ.