Әлем • 17 Мамыр, 2021

Байден қаһармандар монументін орнатуға рұқсат бермеді

265 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Джо Байден АҚШ-тың бұ­рын­­ғы прези­денті Трамп ұсынған «Америка қаһар­мандары» монументін орнатпайтын болды. Сондай-ақ Байден әріптесінің әлеуметтік желідегі бірқатар науқаны мен Американың басқа елдерге көрсететін көмегінен бренд қалып­тастыруына нүкте қоймақ.

Байден қаһармандар монументін орнатуға рұқсат бермеді

Трамптың жоспары бойынша монументте АҚШ-тың бұрынғы президенттері, спорт жұлдыздары мен мәдениет қайраткерлері бейнеленбек еді. Ол «бұрын-соңды өмір сүрген заңғар америкалықтардың үлкен паркін» жасақтауды мақсат еткен-ді. Өзі 30 адамнан тұратын тізім ұсынды. Онда Дэви Крокетт, Билли Грайам, Уитни Хюстон, Харриет Тубман мен Антонин Скалиа да бар. Осы ретте тізімге Конгрестің мүшелері кірмегенін ескерген жөн. Ал Конгресс болса, бұл монументті қаржыландырмайтынын жеткізді.

«Осылайша, біз Америка патриоттарын тәрбие­лейміз. Америка тарихының тағы бір бөлімін жазамыз. Сонымен бірге балаларымызға аңыздар жерінде өмір сүретінін, оларды ештеңе тоқтатпайтынын, ешкім қарсы келе алмайтынын үйретеміз», деген еді Трамп. 

Ескерткіште бұрынғы президенттерге, АҚШ-ты қаржыландыруға көмектескендерге басымдық берілетіні айтылған. «Ешкім мінсіз өмір сүрмейді. Дегенмен, барлығымыз қошеметке, сыйлауға, зерттеу мен еске алуға лайықпыз», деген пікір білдірген-ді бұрынғы президент.

Байден болса, Трамптың бір жыл бұрын Әділет министрлігі мен Федералдық сауда комиссиясына берген әлеуметтік желіні бақылау тапсырмасының да күшін жойды. Бұл тапсырма Трамптың өзі Twitter, Facebook сияқты әлеуметтік желілерден алыстатылғаннан кейін берілді.

«Менің әкімшілігім сапаны, қолжетімді денсаулық сақтау жүйесін құруды мақсат етеді. Бұл мақсатқа шетелдіктердің кіруіне тыйым салмай-ақ жете аламыз», деді Байден.