Әлем • 17 Мамыр, 2021

Қытай Марсты игермек

225 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қытай Марсқа ғарыш кемесін қондырды. Бұл техникалық тұрғыда айға кеме қондырудан да қиын. Сондықтан, Қытай ғарыш саласындағы үлкен мақсаттарына бір табан жақындады.

Қытай Марсты игермек

Қытай Марстағы «Утопиа Планициа» деп аталатын мұзды аймақты зерттеу мақсатында әуе кемесін қондырды. Әуе кемесін жібермес бұрын бірнеше күн тестілеу жүргізді. Енді әуе кемесі ақпанға дейін қызыл планетадағы АҚШ роверіне жақындауы тиіс.

Синхуа агенттігі бұл жаңалыққа қатысты былай деп жазды: «Қытай алғаш рет Марста аяқ ізін қалдырып отыр. Бұл – мемлекеттің ғарышты игерудегі маңызды қадамы».

«Әр қадамның бір ғана мүмкіндігі бар. Дегенмен, әр қадам бір-бірімен байланысты. Бір қате кетсе, бүкіл бір миссия бұзылады», деді Қытай ұлттық ғарыш әкімшілігінің өкілі Дженг Ян.

Қытай Марсқа кеме жібермес бұрын, Айды мақсат еткен-ді. Әуе кемесінің жаңа планетадағы ыстықтан қорғануға, тастардан сақтануға мүмкіндігі бар. Сонымен бірге апатты жағдайда қонуға мүм­кіндік беретін парашют те қарастырылған.

Көлемі 200 шаршы метр болатын кеме Марсқа 125 шақырым биіктіктен келіп қонған. Қытай президенті Си Цзинпин бұл мақсатта жұмыс істеген топты жетістігімен құттықтады.