17 мамыр күні түнгі сағат 22:44 -те Алматы қалалық ТЖД кезекші «101» пультіне Түрксiб ауданы Спасская көшесi № 63 үйден өрт шыққаны туралы хабарлама түскен.
«Өрт сөндіру бригадасы келген кезде 3 қабатты тұрғын үйдiң балконы шатырға тарап 300 шаршы метр аумақ өртеніп кетті. Барлық пәтерлерге қызыл жалынның таралу қаупi туындады. Жедел штаб құрылып, өрт оқпандары берiлдi, aвтоцистерналар өрт гидранттарына орнатылды. Газ-түтiннен қорғау қызметiмен пәтерде адамдардың бар жоғына барлау жүргiзiлiп, 20 адам эвакуацияланды, оның ішінде - жетеуі бала», деп хабарлайды ТЖД.
Қабылданған шаралармен өрт 37 минутта оқшауланып, 23:56 минутта толық сөндірілді.
Өрттi cөндiруге жеке құрамнан 74 адам және 21 бipлiк техника жұмылдырылған.