Оқиға • 18 Мамыр, 2021

ШҚО тұрғынының шұлығынан есірткі табылды

132 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Есірткіні шұлығына жасырған ШҚО тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

ШҚО тұрғынының шұлығынан есірткі табылды

ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, шекаралық бақылау бекетінде Шемонаиха қаласының 54 жастағы тұрғынын тексеру барысында қызметтік ит есірткі болуы мүмкін деген белгі берген. 

Тексеру барысында жолаушылар терминалының үй-жайындағы еденде спецификалық иісі бар қоңыр түсті өсімдік тектес заты бар қағаз түйіншек тәркіленді. Жеке тінту барысында тағы бір қағаз түйіншекті шұлығына жасырғаны анықталды.

Сараптамаға сәйкес, салмағы 5,64 грамм шығатын заттың кептірілген марихуана екені анықталды.

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 286-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.