Аймақтар • 18 Мамыр, 2021

Алматыда адам өлтірген қылмыскер өз кінәсін мойындады

439 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы облысының 24 жастағы тұрғыны адам өлтіргенін мойындап, мәйітті жасырған жерін көрсетті, деп хабарлайды Egemen.kz Алматы облысы Полиция департаменің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматыда адам өлтірген қылмыскер өз кінәсін мойындады

2021 жылы 16 мамырда Іле ауданындағы азаматтық іс жүргізу кезекші бөліміне жергілікті тұрғындардан шақырту түскен. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы барып, белгісіз біреулер арасында жанжал туғанын анықтаған.

«Бір тәулік ішінде криминалдық полиция қызметкерлері мен учаскелік инспекторлар 24 жастағы тұрғынды анықтап, ұстады. Ол оқиғаға қатысы бар екені туралы бірқатар дәлел келтіргеннен кейін адам өлтіргенін мойындап, мәйітті жасырған жерін көрсетті. Айғақтарды тексеру барысында оқиға орнында, ауыл маңындағы алқаптан 31 жастағы тұрғынның мәйіті табылды. Жәбірленушінің денесінде зорлық-зомбылық іздері бар. Күдікті қылмыс жасаған құралды лақтырып жіберген. Оны анықтау үшін шаралар қабылданды», деді өңірдің ПД өкілдері.

Дерек Қазақстан Қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-бөлігі «Адам өлтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелген. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.