Экология • 18 Мамыр, 2021

БҚО-да белгісіз біреулер киіктерді тірідей көмген

334 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

БҚО-да адамдар жануарлар өлігін жою кезінде бірнеше киікті тірідей көмген. Экология министрлігі Батыс Қазақстан облысының полициясына жануарларға қатыгездікпен қарау дерегі бойынша шағымданды, деп хабарлайды Egemen.kz.

БҚО-да белгісіз біреулер киіктерді тірідей көмген

«Батыс Қазақстан облысында жануарлар өлігін жою кезінде киіктерді тірідей көму дерегі тіркелді. Жануарлар өлігін жинау және жою Тау ауылдық округі әкімдігімен бірнеше учаскеде жүргізілген.

Осы дерек бойынша мұқият тергеу жүргізу үшін ІІД-ге арыз түсіргіміз келеді. Жануарларға қатыгездікпен қарауға жол бергендер жауапкершілікке тартылуы керек», деді Самал Ибраева Facebook-те.

Экология министрлігі өкілдері мәселені тез арада анықтауды тапсырды.

Айта кетейік, 13 мамырда БҚО Жәнібек ауданы Тау кенті маңынан 372 өлген киік табылған болатын. Алдын ала мәлімет бойынша, жануарлардың өліміне аймақтағы қолайсыз ауа райы себеп болуы мүмкін.