Аймақтар • 19 Мамыр, 2021

Шикі бұйрықтың шырғалаңы

227 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Петропавл қаласының балабақша тәрбиешілеріне қосымша қызметі, атап айтқанда модераторлығы үшін ақы төленбейтіні туралы редакциямызға дабыл түсті.

Шикі бұйрықтың шырғалаңы

Қалалық білім бөлімінің бас бухгалтері Нұрлыгүл Бижігітова бұл мәселеден хабардар екен.

Жалпы, біліктілік категориялары арнаулы комиссияның шеші­мі­мен беріледі. БҒМ 2021 жылғы 14 қаңтардағы бұйрығы бойынша ұстаздар мен тәрбиешілер жылына 15 маусым мен 15 жел­тоқ­сан­да екі рет жіберіледі. Соның ішінде 15 маусымға дейін біліктілік ка­те­горияларын алғандарға 1 қыр­күйек­тен бастап қосымша ақы төленуде, ал 15 желтоқсаннан алғандарға 1 қаң­тардан бастап тө­леу­ге нақты бұйрық болмаған соң, есепшілер сақтанып отырған көрінеді.

Облыстық білім басқар­масы­ның басшысы Г.Кәрімова да осы мәселе бойынша облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің салалық кәсіподағының басшы­сы Б.Аюповқа жауап берген. 2021 жылдың 14 сәуірінде жазған хатында ол БҒМ-ның жо­ға­ры біліктілік ка­тегорияларын алған­дарға 1 қыр­күйектен бас­тап қосымша төле­неді деген бұйрығына одан әрі «сонымен қатар аттестацияның қоры­тын­дыс­ы бойынша біліктілік кате­гория­сын алғандарға 1 қаң­тар­дан бастап қосымша төле­не­ді» деген өзгерістер енгізу ұсы­ныл­­ды деп айтқан. Осы өзгеріс­пен министрлік жаңа бұйрық шы­ғар­са, 15 желтоқсанға дейін категория алғандарға да қосымша төленетін көрінеді. Бірақ осы ұсы­­ныл­ған өзгерісте де 15 жел­тоқ­­­­саннан біліктілік категория­сын алғандарға деп нақты көр­се­тіл­­меген.
Сөзді жеп қою, бұйрықты анық, нақты жасай алмау сайып кел­генде, халықтың зардап ше­гуі­не соқтырады.

ПЕТРОПАВЛ