Қазақстан • 19 Мамыр, 2021

Америкалық мамандар Арыстағы саперлердің жұмысына баға берді

243 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қорғаныс министрі генерал-лейтенант Нұрлан Ермекбаев Арыс қаласындағы жарылмаған оқ-дәрілерді  жинақтау (жою) жұмыстарын бағалап, кеңес берген америкалық сарапшыларды, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы Америка Құрама Штаттарының әскери атташесі полковник Билл Сабаны қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Америкалық мамандар Арыстағы саперлердің жұмысына баға берді

Генерал-лейтенант Нұрлан Ермекбаев әскери атташеге америкалық сарапшылар жүргізген тиімді жұмысына алғысын білдірді.

Қорғаныс ведомствосының басшысы Арыстағы өрт салдарын жою жұмыстары жалғасып жатқанын мәлімдеді. Қорғаныс министрлігі үшін бұл маңызды мәселе.

2021 жылдың 27 сәуірі мен 14 мамыры аралығында оқ-дәрілерді тазартуға жедел ден қою жасағының мамандары Марк Тобайас және Грегори Форд техникалық аймақты оқ-дәрі қалдықтарынан тазарту бойынша жүргізілген және алдағы атқарылатын жұмыстармен танысты. Олар металл сынықтарын сұрыптайтын жерді аралап, оқ-дәрі қалдықтарын жою жұмыстарының жүйелілігін зерделеді.

Минасыздандыру және EOD (Explosive Ordnance Disposal) саласындағы сарапшылар жарылмаған оқ-дәрілерді жинау мен оларды жоюдағы саперлердің жұмысын жоғары бағалады.

20 жылдан астам әлемнің түрлі елдерінде қызмет еткен Америкалық мамандар жұмыстарында Арыс қаласындағы жағдайды, жарылғыш заттармен жоғары деңгейде ұйымдастырылған жұмысты және оның сапасын, әдістемесін еш жерде кездестірмегенін атап өтті. Олардың айтуынша, қойма аумағын жарылу қаупі бар заттардан тазарту жұмыстары дұрыс, ретімен және барынша қауіпсіз жүргізіледі.

Марк Тобайас және Грегори Форд өртенбеген жарылғыштар мен олардың қалдықтарының ұшуын мүлде болдырмайтын арнайы жабдықталған орынға назар аударды.

Америкалық мамандар сондай-ақ қазақстандық әскери қызметшілерімен аумақты және қоймаларды тазарту, оқ-дәрілерді залалсыздандыру мен жою жөнінде кеңес беру-әдістемелік жиынын өткізді.

Аталмыш сабақтар Минаға қарсы қызметтің халықаралық стандарттарына (IMAS) сай жүргізілгенін атап өткен жөн.

Соңғы жаңалықтар

Ұлт болмысының тұғыры

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Жылынудың жануарларға әсері

Жануарлар • 11 Қаңтар, 2025

Тылсымға толы Шал тауы

Талбесік • 11 Қаңтар, 2025

Қоныстой – көптің қуанышы

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Көлде жүзген қос аққудай...

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Ауаға айтылған уәж

Өнер • 11 Қаңтар, 2025

Театр тұйғыны

Театр • 11 Қаңтар, 2025

Киелі күй иесі

Тұлға • 11 Қаңтар, 2025

Байыптау мен айыптаудың арасы

Білім • 11 Қаңтар, 2025

Жылу қазандығы жаңартылды

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Тұтынушы құқын білесіз бе?

Құқық • 11 Қаңтар, 2025

«Ақылды қалаға» апарар жол ұзақ

Алматы • 11 Қаңтар, 2025

Тариф түзілімінің жаңа қағидасы

Сараптама • 11 Қаңтар, 2025

Сапаға мән береді

Еңбек • 11 Қаңтар, 2025

Экономикаға серпін береді

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Игі бастамалар жүзеге асады

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Сенім мен үміттің бастауы

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Еңбек ұжымдарымен кездесті

Саясат • 11 Қаңтар, 2025