Білім • 19 Мамыр, 2021

Асхат Аймағамбетов жаңа жобаны қолға алмақ

265 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Президенттің саясатын, соның ішінде білім беру жүйесіне жаңа көшбасшыларды тарту бойынша жұмыстарды қалай жалғастырып жатқаны жайында фейсбук парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz

Асхат Аймағамбетов жаңа жобаны қолға алмақ

«Кез келген саланың серпінді дамуын қамтамасыз ету үшін басқарушы элитаны үнемі жаңартып отыру қажет екені белгілі.

Реформаларды жүзеге асыратын – білікті кадрлар. Сондықтан оңтайлы өзгерістер орын алуы үшін тәжірибелі және өзіндік жаңа көзқарасы қалыптасқан жаңа буын өкілдерін тарту қажет.

Өздеріңіз білетіндей, ел Президенті жастарды мемлекетті басқару ісіне тарту мәселесіне көп көңіл бөледі. Мәселен, Жастар кадрлық резервін қалыптастыру, мемлекеттік қызметті реформалау және Мемлекет басшысының басқа да бастамалары қолға алынды.

Біз Президенттің саясатын, соның ішінде білім беру жүйесіне жаңа көшбасшыларды тарту бойынша жұмыстарды жалғастырып келеміз.

Жаңа көшбасшылар – өз елін, жерін сүйетін патриоттардан құралған жас ұрпақ. Көбінің халықаралық тәжірибесі бар, олар – кәсіби ортада кеңінен танымал және маман ретінде қалыптасқан тұлғалар.

Тағайындалған басшылардың басым бөлігі «Болашақ» бағдарламасының түлектері және әлемнің үздік жоғары оқу орындарында білім алған болса, енді бір бөлігі Назарбаев Университетінде оқыған немесе жұмыс істеген мамандар.

Тек соңғы үш айдың ішінде Абай атындағы ҚазҰПУ, Қожа Ахмет Ясауи атындағы қазақ-түрік университеті, Қыздар ұлттық университеті, Сәтбаев Университеті, Қозыбаев Университеті сияқты жетекші жоғары оқу орындарының ректорлары болып зор әлеуеті мен мол тәжірибесі бар көшбасшылар тағайындалды.

Бұл ретте адами капиталды дамыту жөніндегі мемлекеттік саясатты әзірлеу және іске асыру кезінде жергілікті жерлердегі жағдайды неғұрлым сапалы және толық ескеру үшін біз өңірлерде қызмет атқарып жатқан мамандарды жұмысқа белсенді түрде тартуға тырысамыз», деп жазды министр.

Оның айтуынша, жас көшбасшылар өз білімі мен тәжірибесін еліміздің гүлденуі жолында пайдаланып, еңбек үлестерін қосқылары келеді. Олардың әрқайсысына үлкен үміт артылып отыр.

Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың саясатын жүзеге асыру жөніндегі жұмыстың басы-қасында да осы мамандар жүруі тиіс.

«Айтпақшы, жаңа көшбасшылар демекші, біздің көздегеніміз – жаңа мамандарды жұмысқа тарта отырып, қызметте жүрген басшыларды толығымен ауыстыру саясатын жүргізу емес.

Біздің басты мақсатымыз – қазақстандық білім мен ғылымның әлеуетін барынша күшейту үшін «жастық пен тәжірибенің үйлесім табуын» қамтамасыз ету», деді Асхат Аймағамбетов.

 

Соңғы жаңалықтар

Ұлт болмысының тұғыры

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Жылынудың жануарларға әсері

Жануарлар • 11 Қаңтар, 2025

Тылсымға толы Шал тауы

Талбесік • 11 Қаңтар, 2025

Қоныстой – көптің қуанышы

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Көлде жүзген қос аққудай...

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Ауаға айтылған уәж

Өнер • 11 Қаңтар, 2025

Театр тұйғыны

Театр • 11 Қаңтар, 2025

Киелі күй иесі

Тұлға • 11 Қаңтар, 2025

Байыптау мен айыптаудың арасы

Білім • 11 Қаңтар, 2025

Жылу қазандығы жаңартылды

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Тұтынушы құқын білесіз бе?

Құқық • 11 Қаңтар, 2025

«Ақылды қалаға» апарар жол ұзақ

Алматы • 11 Қаңтар, 2025

Тариф түзілімінің жаңа қағидасы

Сараптама • 11 Қаңтар, 2025

Сапаға мән береді

Еңбек • 11 Қаңтар, 2025

Экономикаға серпін береді

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Игі бастамалар жүзеге асады

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Сенім мен үміттің бастауы

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Еңбек ұжымдарымен кездесті

Саясат • 11 Қаңтар, 2025