Ақыртас көшесі бойындағы үй өртеніп жатқаны туралы хабарлама бүгін сағат 11-42-де түскен. Оқиға орнына жеткен мамандар екі қабатты коттедждің шатыры өртеніп жатқанын, екінші қабат жатақхана болғандығын, сонымен қатар ғимаратқа жапсарлас дүкен мен дәмхана салынғанын анықтады. Өрт сағат 12-22-де сөндірілді.
«Өртті сөндіруге жеке құрамнан 18 маман және 4 техника жұмылдырылды. Қызыл жалын шарпыған аумақ 150 шаршы метрді құрайды. Елордалық өрт сөндірушілердің кәсіби іс әрекеттерінің арқасында өртеніп жатқан үйден ер адам мен әйел құтқарылды. Оларды жедел жәрдем қызметкерлері тексерді, жағдайлары қанағаттанарлық. Сондай-ақ өрт сөндірушілер 7 газ баллонын қауіпсіз жерге шығарды», деді ведомстводан.