Желідегі бейнежазбадан екі қабатты қонақүйдің шатыры отқа оранғанын көруге болады. Әлеуметтік желі қолданушылары оқиға орнына жедел жәрдем бригадасының жеткенін, сондай-ақ жергілікті өрт сөндірушілерге Щучье қаласындағы әріптестері көмекке келгенін айтуда.
Ақмола облыстық ТЖД баспасөз қызметі «Інжу» қонақүйінің өртенгенін растады.
Алайда, өртке қатысты толық мәліметті кейінірек беретінін жеткізді.