Үкімет • 20 Мамыр, 2021

Маңызды құжаттар жобалары мақұлданды

171 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Душанбеде Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы (ҰҚШҰ) Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысына қатысты.

Маңызды құжаттар жобалары мақұлданды

Іс-шара барысында СІМ басшылары ҰҚШҰ-ның қазіргі қызметі және оны дамыту перспективалары туралы кең ауқымды мәселелерді талқылап, халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.

М.Тілеуберді отырысқа қатысу­шыларды ҰҚШҰ форматындағы ынты­мақтастық бойынша Қазақстанның ұста­нымы туралы хабардар етіп, ұйым­ды одан әрі жан-жақты дамытуға ба­ғытталған бірқатар ұсыныс айтты.

Қазақстан Президенті Қасым-Жо­март Тоқаевтың ҰҚШҰ-ның 2020 жылы желтоқсанда өткен саммитінде ұсынған бітімгершілік мәселелері бойынша ҰҚШҰ Бас хатшысының Арнайы өкілі институтын құру туралы бастамасын іске асыруға ерекше назар аударылды. Министр әріптестеріне және ҰҚШҰ Бас хатшысы Станислав Заське Қазақстан Президентінің бастамасын іске асыру бойынша тыңғылықты диалог пен практикалық идеялар үшін ризашылығын білдірді.

Отырыс қорытындысы бойынша министрлер құжаттардың жобаларын мақұлдады, олардың бірқатары осы жылдың төртінші тоқсанына Душанбеде өткізу жоспарланған ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіз­дік кеңесінің сессиясына шыға­ры­латын болады. Олардың ішінде – ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің аумақ­тарында Ұжымдық қауіпсіздік жүйесінің күштері мен құралдары құра­лымдарының уақытша болуына бай­ланысты істер бо­йынша юрисдикция және құқықтық көмек көрсету мәсе­лелері жөніндегі келісім мен Ұжым­дық қауіпсіздік туралы шартқа қол қо­йылуының 30 жылдығына және ҰҚШҰ 20 жылдығына арналған іс-шаралар жос­пары бар.

Сыртқы саясат ведомстволарының басшылары Нюрнбергтегі халықаралық әскери трибунал үкімінің 75 жылдығына орай, Биологиялық және уытты қаруларға тыйым салу туралы конвенцияны ны­ғай­ту туралы, ҰҚШҰ-ның мемлекеттер­мен және халықаралық ұйымдармен ын­тымақтастығы туралы, Ресей мен АҚШ арасындағы стратегиялық шабуыл қаруларын одан әрі қысқарту және шектеу жөніндегі шарттың қолданылу мерзімін ұзартуға қатысты төрт саяси мәлімдеме қабылдады.

Айта кетейік, ҰҚШҰ 2002 жылы құ­рылған және халықаралық өңірлік ұйым болып табылады, оның құрамына Қазақ­станмен қатар Армения, Беларусь, Қыр­ғызстан, Ресей және Тәжікстан кіреді. ҰҚШҰ-да қабылданған рота­ция­лық те­тік­ке сәйкес Сыртқы істер минис­тр­лері кеңесінде төрағалық ету осы жылы Тәжік­стан Республикасына жүктелді.