iX NASDAQ 100 Equities биржалық нотасы NASDAQ 100 индексіне енгізілген Apple, Microsoft, Google, Amazon, Tesla және тағы басқа әлемдік технологиялық компаниялардың акцияларына инвестициялаудың шығыны аз, салық салыну деңгейі төмен нұсқасы саналады.
«AIX қазақстандық бөлшек сауда инвесторларына арнап, түрлі активтердің индекстері мен нысандарына инвестициялай алуы үшін бағалы қағаздар ассортиментін ұлғайтуын жалғастыруда. ETN орналастыру арқылы биржа жергілікті бөлшек сауда инвесторларының қорын дамыту бойынша өз міндеттемелерін орындайды», деді AIX басқармасының төрағасы Тим Беннетт.
Биржалық ноталар инвесторларға түрлі нарықтық негізгі көрсеткіштердің кірістілігіне жол ашады. iX NASDAQ 100 Equities биржалық нотасы Invesco QQQ Shares биржа қорының көрсеткіштеріне байланыстырылған.
«Райффайзенбанк» активтердің сақталуын қамтамасыз ететін банк-депозитарий ретінде, сондай-ақ CROWE Kazakhstan компаниясы аудиторлық компания ретінде белгіленді.
AIX биржасы 2017 жылы «Астана» халықаралық қаржы орталығын дамыту шеңберінде құрылды. «Астана» халықаралық қаржы орталығы, Голдман Сакс, Шанхай қор биржасы, Жібек жолы Қоры және AIX-ке сауда платформасын да ұсынатын NASDAQ AIX акционерлері саналады. Биржа ағылшын құқығының қағидаларына негізделген нормативтік орта шеңберінде жұмыс істейді, осы арқылы инвестициялық қызметті жүргізудің сенімді шарттарын қамтамасыз етеді.