Фото: Константин Шелков
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, 18 мамыр күні сағат 13:00-де Павлодар қаласындағы базарлардың бірінде 38 жастағы сатушы биіктіктен құлап кеткен.
- Ер адам ауруханаға сүйек сынықтарымен түсті, - дейді департамент өкілдері.
Сондай-ақ тағы бір жазатайым жағдай Екібастұз қаласында тіркелген.
19 мамыр күні сағат 14:30-да қала кәсіпорындарының бірінің аумағында 25 жастағы электромонтер электр жұмыстарын жүргізіп жатқан кезде бағаннан құлап кеткен