Оқиға • 20 Мамыр, 2021

Елордада құрылысшы 10-қабаттан құлап кетті

216 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордада құрылыс алаңында ер адам биіктен құлап кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елордада құрылысшы 10-қабаттан құлап кетті

Оқыс оқиға 20 мамыр күні таңертең Есіл ауданында болған. Құрылыс алаңында түсірілген видео әлеуметтік желілерде пайда болды. 

Оқиғаға қатысты полиция түсінік берді.

«Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаментіне сағат 11.08-де № 2 қалалық ауруханаға 36 жастағы ер адам салынып жатқан нысанның 10-қабатынан құлап, жарақат алғаннан кейін жеткізілгені туралы хабарлама келді», деді қалалық ПД баспасөз қызметі.

Құқық қорғау органдары соталды тергеуді бастады.