Оқиға • 20 Мамыр, 2021

Алматы облысында жол апатынан бір адам қайтыс болды

216 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы облысында жол-көлік апатынан 30 жастағы жолаушы әйел оқиға орнында мерт болды. Оның 4 жасар қызы түрлі дене жарақатымен Алматы қаласындағы ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматы облысында жол апатынан бір адам қайтыс болды

Алматы облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 19 мамыр күні түнгі сағат 22:05 шамасында болған.

Алдын ала болжам бойынша, Талғар ауданының «Жалғамыс-Төңкеріс» жолында «Daewoo Espero» автокөлігінің 36 жастағы жүргізушісі қарсы бағытқа шығып кеткен. Салдарынан «Mitsubishi Galant» көлігіне соғылған.

«Оқиға орнында «Daewoo Espero» көлігінің 30 жастағы жолаушысы мерт болды. Оның 4 жастағы қызы Алматы қаласындағы ауруханаға жеткізілді. Сондай-ақ осы көлікте болған 31жастағы және екінші көліктің 53 жастағы жолаушысы түрлі дене жарақатымен Өтеген батыр ауылындағы ауруханаға түсті», делінген ведомствоның хабарламасында.

Қазір аталған фактіге сәйкес ҚР ҚК 345 бабы 3 бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Қажетті сараптамалар тағайындалған.