Парламент • 20 Мамыр, 2021

Журналистер арасында «Аманат» байқауы жарияланды

473 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері арасында «Аманат» конкурсының басталғанын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Журналистер арасында «Аманат» байқауы жарияланды

VII шақырылған Парламенттің І сессиясы ашылған күннен бастап 20 мамырға дейін Сенат қызметін жария ету жөніндегі авторлық ұжымдардың да, жекелеген авторлардың да БАҚ-та жарияланған материалдары конкурсқа қатысуға жіберіледі.

«Сіздерді конкурсқа қатысуға және өз жұмыстарыңызды жіберуге шақырамыз. Конкурс қағидасының толық мәтіні және өтінішке қажетті бланкі Сенаттың ресми сайтындағы «БАҚ-қа арналған» бөлімінде орналастырылды. Материалдарды қабылдау 10 маусымда аяқталады. Конкурс қорытындысы ҚР Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күніне орай шығарылып, лауреаттар жарияланады. Материалдарды Сенаттың баспасөз қызметінің Senat_Press@parlam.kz электрондық поштасына жіберу қажет. Анықтама телефондары: 74-72-39, 74-72-40», делінген хабарламада.