«Мемлекет басшысының Тәжікстанға жасаған екі күндік ресми сапары табысты өтті. Тәжікстан тарапы қазақстандық делегацияға зор құрмет көрсетті. Эмомали Рахмон Қасым-Жомарт Тоқаевты Душанбе әуежайынан өзі күтіп алып, шығарып салды», деп жазды Берік Уәли.
Бүгін Мемлекет басшысы шағын және кеңейтілген құрамда кездесудер өткізіп, Тәжікстанның бірқатар лауазым иелерімен кездесті.
Сонымен қатар, Қазақстан мен Тәжікстан басшылары бірлескен мәлімдеме жасады.