Кино • 21 Мамыр, 2021

Белгілі актер Фархат Әбдірайымов қайтыс болды

1355 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Грузиядағы фильм түсірілімінде белгілі актер Фархат Әбдірайымов қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Белгілі актер Фархат Әбдірайымов қайтыс болды

Фархат Әбдірайымов 1966 жылы 21 қаңтарда Алматы қаласында туған. Алматы технологиялық университетін инженер-технолог мамандығы бойынша бітірген.

1999 жылдан Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ-ның актері болған еді. Ол «Шанхай», «Ақсуат», «Омпа», «Махаббат тәлкегі», «Сиқыршы демеуші» сынды фильмдерге түскен.

Фархат Нұрсұлтанұлы РФ «Үздік актер» кино басылымының бас жүлдесін, XXI Халықаралық «Святой Георгий Победоносец» кинофестивалінің Гран-при жүлдесін жеңіп алған.

2020 жылы «Алтын Адам» сыйлығының «Жыл киножұлдызы» аталымын иеленген. ҚР Президентінің Құрмет грамотасымен марапатталған.