Аймақтар • 21 Мамыр, 2021

Сырдария ауданының әкімі партиялық жауапқа тартылды

284 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылорда облысы Сырдария ауданына қарасты Асқар Тоқамағамбетов атындағы ауылда «Асқар Тоқмағамбетов Жер» ЖШС үлескерлерінің екі тобы арасында олардың бір бөлігінің серіктестік құрамынан шығу туралы шешімге байланысты жанжал туындады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сырдария ауданының әкімі партиялық жауапқа тартылды

Nur Otan Партиялық бақылау комитетінің ақпаратына сүйенсек, қазіргі уақытта бұл дау шиеленісіп, әлеуметтік сипат алған. Атап айтқанда үлескерлер мен компания өкілдері арасында қақтығыстар орын алды. Жергілікті атқарушы органдар тарапынан тиісті шаралар қабылданбағаны айтылды.

«Аудан әкімі, партия филиалының төрағасы аталған мәселені шешуде әрекетсіздік танытты. Осыған байланысты, шиеленісті жағдайдың әлі де жалғасып жатқанын және тиісті шаралардың қабылданбауын ескере отырып, облыстық партиялық бақылау комиссиясы Сырдария аудандық партия филиалының төрағасы, аудан әкімі Талғат Дүйсебаевқа ескерту түрінде партиялық жаза қолданды», деді Nur Otan Партиялық бақылау комитетінің төрағасы Артур Платонов.