Қазақстан • 21 Мамыр, 2021

«АгроКеруен-2021» экспедициясы жолға шықты

225 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстанда аграрлық кәсіпорындарды аралайтын АгроКеруен-2021 атты алғашқы экспедиция жұмысын бастады. Осылайша  ElDala.kz аграрлық сайты Қазақстанның егін алқаптары мен аграрлық кәсіпорындарына шолу жасайтын алғашқы кроп-турды қолға алды, деп хабарлайды Egemen.kz

«АгроКеруен-2021» экспедициясы жолға шықты

Егістіктер мен аграрлық кәсіпорындарға экспедиция жасау идеясы егіс жұмыстарының барысын, егістіктердің жай-күйін, өңірлерде және жалпы елдегі егін жинау туралы жаңа ақпаратты хабарлау мақсатында пайда болған. АгроКеруен тек дақылдарды өсіру технологиялары жайлы айтып қана қоймай, сонымен қатар фермерлердің жұмысын көрсетіп, олардың қиындықтары мен мәселелерін айту болып табылады.

«АгроКараван-Қазақстан нарығындағы жаңа жобалардың бірі. Біздің міндетіміз-аграрлық нарықты зерттеу, саланың дамуын тұтастай көрсету, фермерлерге озық агротехнологиялардың артықшылықтарын түсіндіру және оларды қолдану үшін кәсіпорындармен тікелей байланыс орнату болып табылады. АгроКараван республика аймақтарындағы ауыл шаруашылығын өндірушілерге тәжірибе алмасуға көмектеседі», дейді ElDala.kz порталының бас редакторы Сергей Буянов.

Бұл жоба онлайн режимінде хабарланады: команда мүшелері күндіз кәсіпорындарды аралап, олармен сұхбаттасады, келесі күні репортаж сайттың АгроКараван блогында жарияланады. Бұл материалдардан биылғы егін маусымының ерекшеліктері, проблемалары мен жетістіктері, дақылдарды өсіру технологиялары, агротехникалық заманауи тәсілдер, қолданылатын тұқымдар, өсімдіктерді қорғау құралдары мен таңдалған тыңайтқыштардың түрлері, пайдаланылатын ауылшаруашылық техникалары туралы басқа да мәліметтерді білуге ​​болады. Сонымен қатар АгроКараван осы салаға қатысты материалдарға шолулар мен талдаулар жасайтын болады.

Бірінші тур 10 мамырда Шығыс Қазақстан облысынан басталды. Жалпы алғанда АгроКараван командасы 6 облысқа барады, олар ­– Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары. Күн сайын АгроКараван орта есеппен 300-500 км жол жүріп, кем дегенде бірнеше аграрлық кәсіпорынды аралайды.        

Бірінші кроп-турдың серіктестері-еліміздегі жетекші кәсіпорындар болды, атап айтқанда, фосфорлы минералды тыңайтқыштар өндіруші «Қазфосфат», тұқым өсіруші Б-Агро, ауылшаруашылық техникаларын шығарушы- Ростсельмаш компаниялары болды.