Саясат • 21 Мамыр, 2021

Бүгін Жоғары еуразиялық экономикалық кеңестің кезекті отырысы өтеді

322 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Жоғары еуразиялық экономикалық кеңестің кезекті отырысы өтеді.  Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли желідегі парақшасында жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz

Бүгін Жоғары еуразиялық экономикалық кеңестің кезекті отырысы өтеді

Жиын Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен сағат 15:00-де «Хабар24» телеарнасы мен ҚР Президенті Баспасөз қызметінің Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Отырыста Жоғары еуразиялық экономикалық кеңестің Құрметті төрағасы, Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев, Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин, Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенко, Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров, Армения Республикасы Премьер-Министрінің міндетін атқарушы Никол Пашинян, Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Михаил Мясникович сөз сөйлейді. Сондай-ақ Куба Республикасының Президенті Мигель Диас-Канель және Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев Жоғары еуразиялық экономикалық кеңес жанындағы бақылаушы-мемлекет басшылары ретінде қатысады. Еске салсақ, 21 мамырда ҚР Президентінің төрағалығымен Жоғары еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы өтетіні туралы бұған дейін хабарладық. Сонымен қатар, ҚР Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты қазақстандықтардың ЕАЭО және еліміздің осы ұйымдағы рөліне қатысты не білетіндігі туралы сауалнама жүргізді.