Президент • 21 Мамыр, 2021

Коронавирус маусымдық сипат алады – Қ.Тоқаев

266 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ЖЕЭК отырысы аясында коронавируспен күресте ынтымақтастықтың қажеттілігін атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Коронавирус маусымдық сипат алады – Қ.Тоқаев

«Осы жылдың ақпан айынан бастап Қазақстан ресейлік «Спутник V» препаратымен халықты белсенді түрде вакцинациялауда. Ресейдің көмегі арқасында бұл препараттың өндірісі біздің елде де жолға қойылды. Бұл табысты ғылыми және өндірістік ынтымақтастықтың жарқын мысалы. Мұндай тәжірибені басқа салаларда енгізу және кеңейту әбден мүмкін»,  деді Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында сөйлеген сөзінде.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы Отандық QazVac вакцинасының өндіріліп жатқанын алға тартты.

«Осылайша, Қазақстан өзінің вакцинасы бар он елдің қатарына енді. Клиникалық зерттеулер оның тиімділігі мен қауіпсіздігін дәлелдеді. Сонымен қатар барлық болжамдарға сәйкес, ковид ауруы маусымдық сипатқа ие болады. Вируспен күресте жетістікке жетудің кілті – халықты иммундау екені анық. Біз осы саладағы ынтымақтастық пен өзара әрекеттесуді жалғастыру өте маңызды деп санаймыз», деді Қазақстан Президенті.