Қоғам • 21 Мамыр, 2021

Кімдердің жалақысы 53%-ға дейін өсетіні айтылды

4855 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Төтенше жағдайлар министрлігі ведомство қызметкерлерінің жалақысын 53%-ға дейін көтереуді және құтқарушылар үшін зейнетақы жасын төмендету мәселелерін пысықтауды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Кімдердің жалақысы 53%-ға дейін өсетіні айтылды

«Азаматтық қорғау органы қызметкерлерінің әлеуметтік қауіпсіздігін жақсарту үшін жалақының біртіндеп өсуі байқалады. Үш жыл ішінде біз қанағаттану деңгейін орта есеппен 10%-дан 53%-ға дейін көтеруіміз керек. Тұрғын үй төлемдері, сондай-ақ «мемлекеттік қызметшілер» санатындағы құтқарушылардың зейнеткерлік жасын төмендету мәселелерін пысықтау қажет. Мысалы, біздің құтқарушылар 63 жасында зейнетке шығады, ал еңбек жағдайлары ауыр психологиялық және физикалық стресстермен байланысты», деді Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин халыққа есеп беру кездесуінде.

Министр 2019 жылы Жедел-құтқару жасақтары үшін жалақы 30%-ға артқанын және қазір бұл қызметкерлердің орташа жалақысы шамамен 170 мың теңгені құрайтынын еске салды.

Атап айтқанда, ТЖ бөлімі азаматтық құтқарушыларды, әскери қызметшілерді аттестаттауды қарастырады, содан кейін жалақы мен әлеуметтік пакетті көтеру туралы шешім қабылдамақшы.